Қойбағар (өзен)

 Басқа мағыналар үшін Қойбағар деген бетті қараңыз.

ҚойбағарОбаған алабындағы өзен.

Қойбағар өзені
Сипаттамасы
Ұзындығы 32 км
Су ағысы
Бастауы Астана-Қостанай темір жол бойындағы Дружба ауылынан төменгі бұлақтары
Сағасы Қарасу өзенінің оң жағы
 • Координаттары 52°26′07″ с. е. 65°21′14″ ш. б. / 52.43528° с. е. 65.35389° ш. б. / 52.43528; 65.35389 (G) (O) (Я)Координаттар: 52°26′07″ с. е. 65°21′14″ ш. б. / 52.43528° с. е. 65.35389° ш. б. / 52.43528; 65.35389 (G) (O) (Я) (T)
Орналасуы
Ел  Қазақстан
Аймақ Қостанай облысы Қарасу ауданы

Географиялық орны мен сипаты

өңдеу

Қостанай облысы Қарасу ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 32 км.

Бастауы

өңдеу

Бастауын Астана-Қостанай темір жол бойындағы Дружба ауылынан төменгі бұлақтардан алып, Симферополь Қарасу өзеніне оң жағынан құяды.

Гидрологиясы

өңдеу

Арнасының жоғарғы ағысы жазық жермен, Степное ауылынан төменде сайлы-жыралы өңірмен ағады. Бұл бөлігіндегі жағалауы жарлауытты келген. Сағасында (Симферополь ауылы маңында) шағын жайылма түзейді. Арнасында жыл бойы су болады. Негізінен жер асты суымен (грунт суымен) толығады. Алабының 30%-дан астамы егістікке жыртылған. Қалған бөлігі мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5