Дүниежүзілік көрме (1867)

Дүниежүзілік көрме (1867) (фр. Exposition universelle d’Art et d’industrie) — 18671867 жылы 1 сәуір мен 3 қараша аралығында Париж қаласында екінші рет болып жатқан Дүниежүзілік көрме.

Көрме сарайы (1867 жыл)

Көрмені 11 сәуір күні император ІІІ Наполеон-нің өзі ашты. Көрмеге 10 миллионға жуық адам қатысты. Қатысқан адамдардың ішінде атақты адамдар да болды. Мәселен Португалия патшайымы Мария Пиа Савойская, Швеция ханзадасы Оскар, Бельгия королі II Леопольд және оның әйелі Мария-Генриетта, орыс патшасы II Александр, түрік сұлтаны Абдулазиз, жапон ханзадасы Токугава Акитаке, Отто фон Бисмарктер көрмені тамашалаған.[1] Көрме Марс алаңында (фр. Champ de Mars) болды. Көрменің жалпы ауданы 50 га.

Көрме ерекшелігі

өңдеу

Көрменің ерекшелігі оның павильонында болды. Әлемде бірінші рет павильондарды қосқан көрме пайда болды. Бұл көрмеге қатысқан адамдар тирольдің ауылын, орыстың лашығын, Египеттің керуен-сарайын, Батыс мұнарасын, түріктің моншасын, қытайдың театрын, америкалықтардың кранчосын, ағылшындардың коттеджін, голландық ферманы, жапондық дүңгіршектерді және Римнің жаңартылған катакомбтарын көрді.

Ал, Париж қаласы бұл жолғы көрмесінде өзінің көптеген техникалық құралдар, электр шамы, су асты кабель және т.б. құралдарымен таң қалдырды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Экспо-1867(қолжетпейтін сілтеме)

Сыртқы сілтемелер

өңдеу

Толық мәлімет(қолжетпейтін сілтеме)