Эталон (өлшеу техникасы)

Эталон (фр. е'talon - үлгі) — бірліктер эталоны — метрологияда бірлікті қайта жаңғырту үшін және сақтауға арналған өлшеу құралы (өлшеу құралдарының кешені). Эталон оның өлшемін тексеру схемасы бойынша төмен тұрған өлшеу құралдарына беру үшін қолданылады. Эталон алғашқы, қайтармалы, арнайы, мемлекеттік, эталон-куәгер, салыстырмалы, жұмыстық эталон және эталон-көшірме болып бөлінеді.[1]

Дереккөздер

өңдеу
  1. Полиграфия, өлшеу техникасы, ағаш өңдеу жабдыктары және металл өңдеу техникасы мен технологиясы: Қазақша-орысша терминдердің түсіндірме сөздігі.