Macintosh (Мак)АҚШ-тағы Apple фирмасының дербес компьютерлері тобы. Бұл топқа Power Macintosh, Macintosh AV, Quadra, LC және т.б. компьютерлер жатады.[1]

A beige, boxy computer with a small black and white screen showing a window and desktop with icons.
Алғашқы Macintosh, коммерциялық сәтті жеке компьютер командадан гөрі графикалы интерфейспен істеген.

Тарихы

өңдеу

Ең алғашқы Мас 1984 жылы 24 қаңтарда шығарылды. Бұл компьютер пайдаланушының графикалық интерфейсін (алғашқы тышқанды құрастырып шығарған Дуглас Энгельбарт NLS (oN Line System) 1967 жылы болды [1]) мен басқару жолағының стандартты интерфейсін қолданды. Осыдан соң қомпания Apple II компьютерлер тобын шығаруды доғарды. Себебі олар бәсекелестікке төтеп бере алмайтын еді.

Қазіргі кезде Macintosh компьютерлері келесі өнімдерді ұсынады: бастапқы деңгейдегі МасВооk ноутбуктерін, жоғарғы деігейлі MacBook Pro ноутбуктарын, ультрапортативті MacBook Air ноутбуктерін, компактты Mac mini үстел компьютерлерін, iMac интегрирленген дисплейімен моноблокты үстел компьютерлері, жоғарғы деңгейдегі Mac Pro жұмыс станциясы. Әрбір компьютер ішінде әртүрлі конфигурациялар болады.

Macintosh бірінші компьютерлері Motorola (68000, 68020) процессорлармен базасын қолданып, одан кейін әлдеқайда күшті IBM PowerPC процессорларын ( PowerMac моделді компьютерлерде қолданылды), соңында Intel процессорларымен жабдықталды.

Соңғы үстел компьютерлері мен PowerPC базасындағы серверлер 64-разрядты G5 процессорларымен, ал ноутбуктер 32-разрядты G4 процессорымен жабдықталды. Жоғары жылу бөлгіштігі мен энергияны қажет ету жоғарылығына байланысты G5 процессорларын IBM жаңалата алмады және оларды ноутбукке қолдану мүмкін болмады. IBM процессорларының тактілік жиілігінің төмен болуы және жоғарыда аталған проблема Apple компаниясына жаңа процессор қондырғыларын іздеуге мәжбүрледі. Жиілігі жоғары және шағын Intel процессорларына Apple 2006 жылдан бастап көше бастады. Сонымен қатар осы процессорды қолдану арқасында жаңа мүмкіндіктерге қол жетіп Rosetta технологиялары қолданылды. 2006 жылдың соңында барлық компьютерлер жаңа процессорға көшірілді. Сол уақытта Intel архитектурасы 32-рахрядты Mac OS 10.4 операциялық жүйесін қолдады.

 
iMac 2009

2010 жылы барлық шығарылған компьютерлер 64-разрядты Intel Core 2 Duo және Intel Xeon процессорлырмен жабдықталды. Ал алдыңғы үлгі 64-разрядты қалыпта Mac OS X 10.5 қолдаса, 32-разрядта Intel және PowerPC платформалары болды. Жаңа 10.6, Mac OS X үлгісі, PowerPC-тен көшірме болса да, эмуляция тәртібі ссақтала тұра, тек қана Intel платформасында ғана жұмыс істеді, Көптеген қолданбалардағы секілді Mac OS X 10.6 Snow Leopard толықтай 64-битті болды. Соңғы уақытта Apple Windows ОЖ-сін және Boot Camp утилитін қолданды, тек қана бұл емес Macintosh платформасында Linux ОЖ-сі де қолданылды.

Дереккөздер

өңдеу
  1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5