Дөң (ағылш. Dune), титрда Дөң: Бірінші бөлім (ағылш. Dune: Part One деп аталды) — 2021 жылғы режиссер Дени Вильнёвтің америкалық эпикалық ғылыми фантастика жанрындағы фильм. Бұл Фрэнк Герберттің 1965 жылғы аттас романының үлкен медиафраншизасының бөлігі болып табылатын жаңа фильмдер сериясының бірінші фильмі. Фильм бірқатар киножүлделерді (негізінен операторлық жұмыс, саундтрек және режиссура үшін) жеңіп алды, 10 Оскарға, соның ішінде «Үздік фильм» номинациясына ұсынылды және оның алтауын жеңіп алды.
Атақты Атрейдес үйінің мұрагері Пол отбасымен бірге Әлемдегі ең қауіпті планеталардың бірі — Арракиске саяхат жасайды. Мұнда құмнан, күн сәулесінен, алып құбыжықтардан және галактикааралық қақтығыстардың негізгі себебі — Меланж деп аталатын керемет құнды ресурстан басқа ештеңе жоқ. Билікті басып алу нәтижесінде Пол қашып, жасырынуға мәжбүр және бұл оның эпикалық саяхатының бастамасы болады. Арракистің дұшпандық әлемі оған көптеген қиын сынақтарды дайындады, бірақ олардың қорқынышына қарсы тұруға дайын адамдар ғана таңдалған болуға лайық.
Жүлде
|
Санат
|
Номинант(тар)
|
Нәтиже
|
«Оскар» [4]
|
«Үздік фильм»
|
Мэри Пэрент, Дени Вильнёв, Кейл Бойтер
|
Номинация
|
«Үздік бейімделген сценарий»
|
Эрик Рот, Джон Спэйтс, Дени Вильнёв
|
Номинация
|
«Үздік фильм музыкасы»
|
Ханс Циммер
|
Жеңіс
|
«Үздік костюм дизайны»
|
Жаклин Уэст, Боб Морган
|
Номинация
|
«Үздік дыбыс»
|
Мак Рут, Марк Манджини, Тео Грин, Даг Хемфилл, Рон Бартлетт
|
Жеңіс
|
«Үздік монтаж»
|
Джо Уокер
|
Жеңіс
|
«Үздік грим және шашқойыс»
|
Дональд Моуэт, Любовь Ларсон, Ева фон Бэр
|
Номинация
|
«Үздік операторлық жұмыс»
|
Грег Фрэйзер
|
Жеңіс
|
«Үздік қоюшы суретші жұмысы»
|
Жюзанна Сипос, Патрис Верметт
|
Жеңіс
|
«Үздік визуалды эффекттер»
|
Пол Ламберт, Тристан Майлз, Брайан Коннор, Герд Нефзер
|
Жеңіс
|
«Алтын глобус» [5]
|
«Үздік фильм — драма»
|
Дюна
|
Номинация
|
«Үздік режиссура»
|
Дени Вильнёв
|
Номинация
|
«Үздік фильм музыкасы»
|
Ханс Циммер
|
Жеңіс
|
| |
---|
| Сурет, видео және аудио | |
---|
| Тематикалық сайттар | |
---|
|